Текст на казахском языке для чтения

Читайте тексты на казахском! В этой статье мы собрали несколько текстов на казахском языке разного уровня сложности для того, чтобы Вы могли из прочитать и понять какие тексты вы можете читать на казахском языке. Далее тексты на казахском будут по нарастающей сложности.

Казахский текст для чтения на уровень сложности 2 класса обучения на русском языке.

  1. Қазақ халқы қонақты ерекше сыйлаған. Келген қонақты үй иесі өзі қарсы алған. Бұл қонақпен бірге құт кірсін деген мағынаны білдіреді. Қонақты төрге отырғызған. Дастарқан жайып, қонақтарға ет асып, қымыз, шұбат берген.
  2. Бүгін мен емханаға бардым. Отбасылық дәрігер бізді жыл сайын тексеріп отырады. Дәрігер жүрегімді тыңдап, «Дәрумен қабылда» деп кеңес берді. Тіс дәрігері тістерімді қарап, «Тісіңді әрдайым таза ұста» деді. Көз дәрігері көру қабілетімді тексеріп, «Компьютер алдында ұзақ отырма» деп ескертті. Менің тісім таза, көзім жақсы көреді. Дәрігер: «Денсаулығың жақсы! Жарайсың!» – деді.
  3. Болашақ футболшы
    Жақып футболды жан-тәнімен жақсы көреді. Бүгін ол ұлымен бірге стадионға келді. Мұнда халық көп жиналған. Ойын басталып кетті.
    — Анау көк жейдедегі ойыншылар – біздің «Қайрат» командасы, ал ақ жейдедегілер – Ташкенттен келген қонақтар, — деп Жақып ұлына түсіндірді.
  4. Жарыс
    Мектепте спорттық жарыс өтті. Оқушылар күрес пен футболға қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жарысты тамашалау үшін ата-аналар да жиналды. Олар балаларының жетістіктеріне қуанып, қолдау білдірді. Жаттықтырушылар оқушыларға еңбектері үшін алғыс айтты. Жарыс ерекше қызықты және әсерлі өтті.
  5. Жаңғақтың пайдасы
    Жаңғақтың барлық түрі адам ағзасына пайдалы. Ең кең тарағаны – грек жаңғағы. Оның құрамында май мен ақуыз мол. Жаңғақ есте сақтау қабілетін жақсартып, ми жұмысын күшейтеді. Оны балмен бірге жеу әсіресе пайдалы.
  6. Футбол
    Балалар футбол ойнау үшін жиналды. Асқар қақпашы болып тұрды, ал оның иті Ақтөс қақпа жанында ойнап жүрді. Ойын басталып кетті. Бір сәтте доп Асқарға қарай ұшты. Ол допты ұстай алмай, жерге құлап түсті. Балалардың дауысы шығып кетті. Асқар тез орнынан тұрып, артына қарады. Қараса, Ақтөс алдыңғы екі аяғымен допты мықтап ұстап отыр екен! Мұны көрген Асқар қатты қуанып кетті.
  7. Киіз үй туралы әңгіме
    Әже: – Балам, үйге кір!
    Алма: – Қандай әдемі үй! Әже, киіз үй туралы айтып беріңізші.
    Әже: – Жарайды, тыңда. Ертеректе қазақ халқы киіз үйде тұрған. Киіз үйдің ерекшелігі – ол жазда салқын, ал қыста жылы болады.
    Алма: – Неге ол жазда салқын, қыста жылы болып тұрады?
    Әже: – Өйткені оның сырты киізбен жабылады. Киіз суық пен ыстықты өткізбейді.
    Алма: – Әже, киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
    Әже: – Киіз үй шаңырақ, кереге, уық және есіктен құралады.
    Алма: – Шаңырақ дөңгелек пішінді екен!
    Әже: – Дұрыс айтасың, Алма.
    Алма: – Әже, көп рақмет сізге!
  8. Баскиімдер
    Қазақ дәстүрінде баскиімдер екі түрге бөлінеді. Ер адамдардың баскиімдеріне тақия мен тымақ жатады. Тақия – жеңіл баскиім, ал тымақ – қыста киетін жылы баскиім.
    Әйелдердің баскиімдеріне кимешек, сәукеле және бөрік кіреді. Кимешек жұқа ақ матадан тігіледі. Сәукелені ұзатылатын қыздар киген, оны безендіру үшін қымбат бағалы тастар пайдаланылған.
    Қазақта «Баскиіммен ойнауға немесе оны лақтыруға болмайды» деген ырым бар.
  9. Біздің саяжайдағы үйіміз шағын. Аулада көптеген жеміс ағаштары өсіп тұр. Көктем келгенде біз көшеттер отырғызамыз. Анам бақшаның арамшөбін тазартады. Осыдан кейін табиғат аясында демаламыз. Жаз мезгілінде саяжайдың ауасы ерекше таза болады.
  10. Көктем келді. Атам екеуіміз саяжайға бардық. Ол қаланың шетінде орналасқан. Саяжайда адамдар бақша жұмыстарымен айналысып жатыр. Атам көшет отырғызды, ал мен оны суғардым.
  11. Арман демалыс күні саяжайға жаяу барып, достарымен кездесті. Олар бірге өзенге шомылды. Өзеннің терең жеріне бару қауіпті екенін білетін балалар қауіпсіздік ережелерін сақтады. Өзеннің жағасын таза ұстау маңызды, сондықтан қоқыс тастауға және оны ластауға болмайды.

Рассказ на казахском языке для начинающих 3-5 классы.

скоро сюда добавим рассказ

Простой текст на казахском языке 5-7 классы.

Информация на казахском ( сложность 8-9 классы)

Қазақша текст Абай жолы шығармасынан үзінді